Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №174"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727)351-26-14
Бухгалтерия
+7(727)399-51-19
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » Страница 77
PIRLS бағдарламасы бойынша 5в сынып оқушылары "Жұлдыз құрттың көбелекке айналуы", "Батыл шарлотта>> өздерінің таңдаған мәтіндері бойынша қызықтырған сұрақтарына кітапханадан жауаптарын алды.
04
ноябрь
2021
PIRLS бағдарламасы бойынша 5в сынып оқушылары "Жұлдыз құрттың
Егемен еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың білімін кеңейтіп, біліктілігін арттыруда мектеп кітапханасының да рухани қазына екені рас. Ол - мектептің жүрегі, ажырамас бір бөлігі іспетті. Мынау келген жаңа заман - компьютер заманы болғанымен,рухани азық іздеген,көзі ашық , көкірегі ояу әр баланың бір қасиетті қара шаңырағы - кітапхана. Кітап - біздің рухани құндылығымыз, теңдесі жоқ байлығымыз. Өткен замандардың тереңінен сыр шертетін тарихи да,әдебиеті де осы кітап арқылы жетіп отырады. Мақсаты:
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған аудандық «Ер Едіге» жырын жатқа оқу кезеңінен Школа-гимназия №174сының оқушылары қалалық кезеңге жолдама алды
03
ноябрь
2021
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры»
«Qazaq Epos» ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған аудандық «Ер Едіге» жырын жатқа оқу кезеңінен Школа-гимназия №174сының 8-сынып оқушысы Ахан Сырым І орын, 7-сынып оқушысы Елубай Аянат ІІІ орын алып қалалық кезеңіне жолдама алды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз! Жетекшілері: Ж.К.
02.11.2021 жылы Школа-гимназия №174да бастауыш және жоғарғы буын сынып жетекшілерімен “Сынып жетекші мен ата-аналар қарым-қатынасының типтері" және "Ересек балалармен тиімді жұмыс жасау жолдары" атты педагогикалық-психологиялық тренинг өтті.
02
ноябрь
2021
02.11.2021 жылы Школа-гимназия №174да бастауыш және жоғарғы буын
02.11.2021 жылы Школа-гимназия №174да бастауыш және жоғарғы буын сынып жетекшілерімен “Сынып жетекші мен ата-аналар қарым-қатынасының типтері" және "Ересек балалармен тиімді жұмыс жасау жолдары" атты педагогикалық-психологиялық тренинг өтті.  Арнайы келген педагог-психолог маман Э.К.Тлеухорова авторлық жұмысы бойынша ақпарат беріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Сынып жетекшілері де жасөспірімдермен және ата-аналармен жұмыс жүргізуге байланысты көкейде жүрген сауалдарына жауап таба алды. Кофе-брейк
174 мектеп-гимназияда 2021-2022 оқу жылының күзгі демалыс уақытында  сынып жетекшілермен атқарылатын іс - шаралар жоспары бойынша "Мен сынып жетекшімін…" атты  1-11 сынып жетекшілерімен педагогикалық-психологиялық семинар өткізілді.
01
ноябрь
2021
174 мектеп-гимназияда 2021-2022 оқу жылының күзгі демалыс уақытында
174 мектеп-гимназияда 2021-2022 оқу жылының күзгі демалыс уақытында  сынып жетекшілермен атқарылатын іс - шаралар жоспары бойынша "Мен сынып жетекшімін…" атты  1-11 сынып жетекшілерімен педагогикалық-психологиялық семинар өткізілді. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп окушыларын қоғамның белсенді және саналы құрылысшылары етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Осы мақсатта сынып жетекшілері өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.
Школа-гимназия №174да 30.10.2021жылы «Директорлық  сенбі – ата –ана үні» тақырыбында 8 сынып оқушыларының ата-аналарымен онлайн-кездесу ұйымдастырылды.
30
октябрь
2021
Школа-гимназия №174да 30.10.2021жылы «Директорлық сенбі – ата –ана
Алматы қаласы Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174да 30.10.2021жылы «Директорлық  сенбі – ата –ана үні» тақырыбында 8 сынып оқушыларының ата-аналарымен онлайн-кездесу ұйымдастырылды. Жиналыс Коммунальное государственное учреждение «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының» Наурызбай ауданы бойынша әдіскері Р.О.Адамбекованың қатысумен өтті. Жиналыс барысында оқушылардың білім сапасы, үлгерімі, сабаққа қатысуы, санитарлық талаптар мен тағы да басқа мәселелер
Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174сында мектепішілік "Адал ұрпақ" еріктілер клубының ұйымдастыруымен "Парасаттылық пен пайымдау-адамдықтың белгісі" тақырыбында 5-6-сыныптар арасында эссе жазу байқауы өтті.
29
октябрь
2021
Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174сында мектепішілік "Адал ұрпақ"
Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174сында мектепішілік "Адал ұрпақ" еріктілер клубының ұйымдастыруымен "Парасаттылық пен пайымдау-адамдықтың белгісі" тақырыбында 5-6-сыныптар арасында эссе жазу байқауы өтті. Мақсаты: оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, шыншыл болуға тәрбиелеу. Эссе жазған оқушылар «Лучший эссе», «Шығармашыл эссе», «Көркем эссе» номинациясы бойынша салтанатты түрде мақтау қағаздарымен марапатталды.
АҚШ елшілігінің қолдауымен тілдер бөлімінің спискері Август Гарнси және American Corner орталығы Қазақстан бойынша ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған тағы бір қызықты кәсіби даму вебинарлар сериясын ұсынады.
28
октябрь
2021
АҚШ елшілігінің қолдауымен тілдер бөлімінің спискері Август Гарнси
АҚШ елшілігінің қолдауымен тілдер бөлімінің спискері Август Гарнси және American Corner орталығы Қазақстан бойынша ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған тағы бір қызықты кәсіби даму вебинарлар сериясын ұсынады. Осы аталған вебинардың үшінші сессиясының спикері Школа-гимназия №174сының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алмабаева Гульнур. Тақырыбы «Ағылшын тілі мұғалімдері мен оқушыларына арналған тиімді рефлексиялық тәжірибелер». Күні: 28.10.2021 сағат 19.00-де өтеді. Вебинарлар апта сайын бейсенбі
Алматы қаласы Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174сында "Алматымның алтын күзі" тақырыбында 5-8 сынып оқушылары арасында көрме (сурет және экибана) байқауы ұйымдастырылды.
27
октябрь
2021
Алматы қаласы Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174сында "Алматымның
Алматы қаласы Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174сында "Алматымның алтын күзі" тақырыбында 5-8 сынып оқушылары арасында көрме (сурет және экибана) байқауы ұйымдастырылды.  Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу мақсатында ұйымдастырылған көрмеге қатысу барысында оқушылар күз мезгілінің ерекшелігін, күзгі молшылық, береке туралы түсініктерін қалыптастырды.