Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №174"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727)351-26-14
Бухгалтерия
+7(727)399-51-19
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » Страница 41
174 мектеп-гимназияда 2021-2022 оқу жылының күзгі демалыс уақытында  сынып жетекшілермен атқарылатын іс - шаралар жоспары бойынша "Мен сынып жетекшімін…" атты  1-11 сынып жетекшілерімен педагогикалық-психологиялық семинар өткізілді.
01
ноябрь
2021
174 мектеп-гимназияда 2021-2022 оқу жылының күзгі демалыс уақытында
174 мектеп-гимназияда 2021-2022 оқу жылының күзгі демалыс уақытында  сынып жетекшілермен атқарылатын іс - шаралар жоспары бойынша "Мен сынып жетекшімін…" атты  1-11 сынып жетекшілерімен педагогикалық-психологиялық семинар өткізілді. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп окушыларын қоғамның белсенді және саналы құрылысшылары етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Осы мақсатта сынып жетекшілері өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.
Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174сында мектепішілік "Адал ұрпақ" еріктілер клубының ұйымдастыруымен "Парасаттылық пен пайымдау-адамдықтың белгісі" тақырыбында 5-6-сыныптар арасында эссе жазу байқауы өтті.
29
октябрь
2021
Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174сында мектепішілік "Адал ұрпақ"
Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174сында мектепішілік "Адал ұрпақ" еріктілер клубының ұйымдастыруымен "Парасаттылық пен пайымдау-адамдықтың белгісі" тақырыбында 5-6-сыныптар арасында эссе жазу байқауы өтті. Мақсаты: оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, шыншыл болуға тәрбиелеу. Эссе жазған оқушылар «Лучший эссе», «Шығармашыл эссе», «Көркем эссе» номинациясы бойынша салтанатты түрде мақтау қағаздарымен марапатталды.
АҚШ елшілігінің қолдауымен тілдер бөлімінің спискері Август Гарнси және American Corner орталығы Қазақстан бойынша ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған тағы бір қызықты кәсіби даму вебинарлар сериясын ұсынады.
28
октябрь
2021
АҚШ елшілігінің қолдауымен тілдер бөлімінің спискері Август Гарнси
АҚШ елшілігінің қолдауымен тілдер бөлімінің спискері Август Гарнси және American Corner орталығы Қазақстан бойынша ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған тағы бір қызықты кәсіби даму вебинарлар сериясын ұсынады. Осы аталған вебинардың үшінші сессиясының спикері Школа-гимназия №174сының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алмабаева Гульнур. Тақырыбы «Ағылшын тілі мұғалімдері мен оқушыларына арналған тиімді рефлексиялық тәжірибелер». Күні: 28.10.2021 сағат 19.00-де өтеді. Вебинарлар апта сайын бейсенбі
Алматы қаласы Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174сында "Алматымның алтын күзі" тақырыбында 5-8 сынып оқушылары арасында көрме (сурет және экибана) байқауы ұйымдастырылды.
27
октябрь
2021
Алматы қаласы Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174сында "Алматымның
Алматы қаласы Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174сында "Алматымның алтын күзі" тақырыбында 5-8 сынып оқушылары арасында көрме (сурет және экибана) байқауы ұйымдастырылды.  Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу мақсатында ұйымдастырылған көрмеге қатысу барысында оқушылар күз мезгілінің ерекшелігін, күзгі молшылық, береке туралы түсініктерін қалыптастырды.
Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174да 5 сынып оқушыларын «Адал Ұрпақ»  еріктілер мектеп клубына қабылдау рәсімі өтті.
26
октябрь
2021
Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174да 5 сынып оқушыларын «Адал
Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174да 5 сынып оқушыларын «Адал Ұрпақ»  еріктілер мектеп клубына қабылдау рәсімі өтті. Ұйымның негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. «Адал Ұрпақ» клубына мүшелікке өту үшін оқушыларымыз ант қабылдады, салтанатты түрде төсбелгі тағылды.
2021-2022 оқу жылында келген жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу, әдістемелік көмек көрсету және жеке шығармашылық қызметін қалыптастыру,өзара сабаққа қатысу арқылы сабақ беру әдісін жетілдіру мақсатында жас мамандар мектебінің отырысы өткізілді.
25
октябрь
2021
2021-2022 оқу жылында келген жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу,
Жас мамандар мектебінің отырысы Жетекшісі:Алмабаева Г. И 2021-2022 оқу жылында келген жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу, әдістемелік көмек көрсету және жеке шығармашылық қызметін қалыптастыру,өзара сабаққа қатысу арқылы сабақ беру әдісін жетілдіру мақсатында жас мамандар мектебінің отырысы өткізілді.  Тәлімгерлер педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру сұрақтары бойынша жас маманға практикалық көмек беріп, психологиялық сипаттама жасап, Арт-тренинг тренинг
Мектебіміздің дебат клубының ішіндегі ағылшын тілі бағыты бойынша 8,9,10 сыныптар арасында дебатқа қызығушылық танытқан оқушылардың басын қосып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
23
октябрь
2021
Мектебіміздің дебат клубының ішіндегі ағылшын тілі бағыты бойынша
Мектебіміздің дебат клубының ішіндегі ағылшын тілі бағыты бойынша 8,9,10 сыныптар арасында дебатқа қызығушылық танытқан оқушылардың басын қосып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Алдыңғы 2020-2021 оқу жылында өткен халықаралық дебат жеңімпаздары Жақсыбек.А, Қайназаров.Ж, Қалиев.Е өз тәжірбиелерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Үйірменің міндеттері: 🔷Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына мүмкіндік беру. 🔷Шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан
Абай университеті Қазақстан тарихы кафедрасының ассоц.проф.м.а., т.ғ.к. З.Мырзатаева Школа-гимназия №174сының гуманитарлық пәндер ұстаздары мен оқушыларына «Тарихи сұхбат алу әдісі оқушы-зерттеушінің шеберханасында» тақырыбында лекция оқыды.
22
октябрь
2021
Абай университеті Қазақстан тарихы кафедрасының ассоц.проф.м.а.,
Абай университеті Қазақстан тарихы кафедрасының ассоц.проф.м.а., т.ғ.к. З.Мырзатаева Школа-гимназия №174сының гуманитарлық пәндер ұстаздары мен 7-11 сынып оқушыларына «Тарихи сұхбат алу әдісі оқушы-зерттеушінің шеберханасында» тақырыбында лекция оқыды. Кездесуде оқушылар «Айтылған тарих» зерттеу әдісі жөнінде сұрақтар қойып, қызығушылықтарын білдірді. Зерттеудің мұндай технологиясы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулиды, сонымен қатар оларда танымдық (ақпараттарды қолдану, сараптау, сыни
Школа-гимназия №174сында 21.10.2021ж. ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және алғашқы қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшуына орай «Қазақстанның ғарыш жолы» тақырыбында 7 сынып оқушыларымен ZOOM платформасы арқылы онлайн ашық сабақ өтті.
21
октябрь
2021
Школа-гимназия №174сында 21.10.2021ж. ел Тәуелсіздігінің 30
Алматы қаласы Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174сында 21.10.2021ж. ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және алғашқы қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшуына орай «Қазақстанның ғарыш жолы» тақырыбында 7 сынып оқушыларымен ZOOM платформасы арқылы онлайн ашық сабақ өтті. Сабақтың негізгі мақсаты Қазақстан еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағы және қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы мәлімет беру, сондай-ақ адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Школа-гимназия №174сында 20.10.2021ж. «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында 8-9 сынып қыздары арасында жиналысы өтті.
20
октябрь
2021
Школа-гимназия №174сында 20.10.2021ж. «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі»
Алматы қаласы Наурызбай ауданы Школа-гимназия №174сында 20.10.2021ж. «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында 8-9 сынып қыздары арасында жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты: қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге баулы, гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, сондай-ақ ерте жүктіліктің алдын алу. Арнайы шақырылған қонақ «Аналар үйі» қоғамдық қорының координаторы Тұрсынбаева М.О. қыздарға видеоролик көрсетіп, дәріс оқыды.