тарих пәнінің мұғалімдері Тортаева Капиза Долдашевна мен Калдыкенова
Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназиясында тарих пәнінің мұғалімдері Тортаева Капиза Долдашевна мен Калдыкенова Бактыгуль Кожахметовнаның ұйымдастыруымен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған онлайн-конференция өтті. Конференцияның тақырыбы «Әбу Насыр әл-Фараби- Ұлы дала тұлғасы». Онлайн – конференцияда мектеп оқушылары Ұлы ғұлама, Аристотельден кейінгі екінші ұстаздың өмірімен мұраларын, оның әлем өркениетіне қосқан зор үлесін өздерінің зерттеу еңбектері арқылы көрсетті.