№174 мектеп-гимназиясында жаңа оқу жылы қарсаңында
Наурызбай ауданы, №174 мектеп-гимназиясында жаңа оқу жылы қарсаңында "Ғылыми-жаратылыстану пәндер" бірлестігінің 2022-2023 оқу жылының ӘНХ талқылау мақсатында жиналыс өтті. Күн тәртібінде: 2021-2022 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың есебі мен жетістіктері қарастырылып, оқу жоспары таныстырылды. Жаңа оқу жылының Әдістемелік нұсқаулық хатындағы оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Бірлестік мүшелері өз ұсыныстары мен ойларын айтып, оқу жылының табысты, жемісті болуын тіледі.