Материалы за Февраль 2023 года » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2023 года
Алғыс айту - парызым
28
февраль
2023
Алғыс айту - парызым
[media=https://www.instagram.com/reel/CpNJivpjAAZ/?utm_source=ig_web_copy_link] Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Осы орайда, "Қамқор" еріктілер клубы "Алғыс айту" күніне орай ұйымдастырылған "Алтын жүрек" челленджын қабылдап алып, "Жақыныңды қуанта біл" айдарын
Абдықанов Дастан Маратжанұлын еске алуға арналған тоғызқұмалақтан 9-11 сынып оқушылары ұлдар арасындағы қалалық турнирде мектеп-гимназиямыздың 9-сынып оқушылары қатысып, жүлделі орын, алды
27
февраль
2023
Абдықанов Дастан Маратжанұлын еске алуға арналған тоғызқұмалақтан
Алматы қаласы білім басқармасы қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Абдықанов Дастан Маратжанұлын еске алуға арналған тоғызқұмалақтан 9-11 сынып оқушылары ұлдар арасындағы қалалық турнирде мектеп-гимназиямыздың 9-сынып оқушысы Бақытбек Ералы жүлделі ІІІ орын, Кусниев Амир сертификатпен марапатталды. Жетекшісі: дене шынықтыру пәні мұғалімі Мамаев Ш.
"Менің -денсаулығым, менің болашағым" тақырыбында 7-сынып қыздары арасында волейболдан жарыс өткізілді.
24
февраль
2023
"Менің -денсаулығым, менің болашағым" тақырыбында 7-сынып қыздары
Қыз қылығымен көрікті" қыздар апталығы аясында "Менің -денсаулығым, менің болашағым" тақырыбында 7-сынып қыздары арасында волейболдан жарыс өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу.
Мектебіміздегі Жас құтқарушылар тобының қатысуымен апатты жағдай кезінде "Менің іс-әрекетім" атты шағым қойылым көрсетілді, суреттер салынды.
23
февраль
2023
Мектебіміздегі Жас құтқарушылар тобының қатысуымен апатты жағдай
Азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 23 ақпан күні Азаматтық қорғаныс штабының "Құтқару тобы, санитарлық көмек көрсету тобы, радиация және химиялық қаупіне қарсы құтқару тобы, жеке құрал саймандар тарату тобы, қоғамдық тәртіпті бақылау тобы"  Жаттығуға оқушылар құрамы мен оқытушылар құрамы толық қатысты АҚ штабының орынбасары Е.Р.Жуашев Алматы қаласының жалпы сейсможаттығу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп , бүгінгі өткізіліп жатқан жаттығудан маңыздылығына тоқталып өтті.
Мектебіміздің педагог-психологтары АД.Сарбасова, Н.М.Мырзаханова “Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан" тақырыбында 11 "Ә", 11 "В" сынып қыздарымен тренинг өткізді.
22
февраль
2023
Мектебіміздің педагог-психологтары АД.Сарбасова, Н.М.Мырзаханова
Наурызбай ауданы №174 мектеп - гимназиясында "Қыз қылығымен көрікті" қыздар апталығының онкүндік аясында мектебіміздің педагог-психологтары АД.Сарбасова, Н.М.Мырзаханова “Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан" тақырыбында 11 "Ә", 11 "В" сынып қыздарымен тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: қыздарға психологиялық қолдау көрсету, мотивация беру, алдағы ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі қорқыныштарынан арылту, және Қазақ қоғамына еңбегі сіңген қайраткерлердің қайсарлығы мен өжеттіліктерін дәріптеу.