Бүгін шынайы поэзия өкілі, ғасыр ақыны, Қарасаздан ұшқан қарлығаш -
Ойы биік, Бойы биік ортадан Жанды-сөнді лапылдаған өрт - Адам! Ешкім оны сипаған жоқ маңдайдан, Ешкім оны қаққан емес арқадан. Қасіреті қарығанмен қанша ішін, Жыр-тұлпарға басып соңғы қамшысын. Келешекке сәлемім деп Өлеңге, Сарқып құйды жүректің қан тамшысын. Тасынғанда - теңіз болып толатын, Ашынғанда - гүлдей қурап, солатын, Өлең үшін өмір сүрген сол ақын - МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ болатын! Бүгін шынайы поэзия өкілі, ғасыр ақыны, Қарасаздан ұшқан қарлығаш - Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл.