23
сентябрь
2021
Тіл – халықтың ең басты қазынасы. Үш тұғырлы тіл саясатын дамыта отырып, өзге тілдерді меңгеру білім кеңістігін кеңейтетіні сөзсіз.
Тіл – халықтың ең басты қазынасы. Үш тұғырлы тіл саясатын дамыта отырып, өзге тілдерді меңгеру білім кеңістігін кеңейтетіні сөзсіз. Мұндайда «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - деген даналық сөз ойымызға орала кетеді. Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан елімізде аталып өтіп жатқан тіл мерекесі қарсаңында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақтарды қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу, танымдық деңгейін көтеру, ой өрісін көтеру мақсатында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алмабаева Г.И АҚШ елшілігіндегі тілдер бөлімінің бас маманы August Gardney мырзаны қонақ ретінде шақырып мектебіміздің 11сынып оқушыларымен Zoom арқылы онлайн кездесу ұйымдастырды. Огуст Гардней мырза шет тілдерін меңгерудің қаншалықты маңызды екенін, қандай мүмкіндіктерге жол ашатыны жайлы, медиа сауаттылық және тағы басқа жобалары жайлы түсіндіріп, оқушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, алға қойып отырған жаңа жобаларына шақыратынын айта кетті.