9-қазан күні мектебімізде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған Наурызбай ауданы мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті. » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-қазан күні мектебімізде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған Наурызбай ауданы мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.
11
октябрь
2021

9-қазан күні мектебімізде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған Наурызбай ауданы мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.


Өскелең ұрпақтың сыни ойлау дағдысын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдап, командамен жұмыс жасауға, дұрыс сұрақ қойып, нақты жауап бере білуге үйретуде дебаттың берер пайдасы мол. Осы орайда, 9-қазан күні мектебімізде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған Наурызбай ауданы мектеп оқушылары арасында 
«Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Дебаттың мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру, туған жер мен елге қатысты мәселелерді талқылауға бағыт беру, пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау. 
Дебат тартысты әрі қызықты өтті. Турнир қорытындысы анықталып, 
І орын: №176 мектеп-гимназияның «Атамекен» дебат клубының «Көшбасшылар» фракциясына, 
ІІ орын №174 мектеп-гимназияның «Жасын» дебат клубының «Шұғыла» фракциясына, ІІІ орын №200 мектеп-гимназияның “Болашақ” дебат клубына берілді.
Мектебіміздің топ жарған дебатшылары Мерей мен Ақгүлді, олардың жетекшісі Қазыдан Батыл Рахметоллаұлын жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда да сәттілік серік болып, жүлдемен қайтуларына тілектеспіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: