Мектептер мен балабақшаларда Ashyq жүйесі енгізілуде » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептер мен балабақшаларда Ashyq жүйесі енгізілуде
03
август
2021

Мектептер мен балабақшаларда Ashyq жүйесі енгізілуде




Мектептер мен балабақшаларда Ashyq жүйесі енгізілуде

Педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар қатарынан вирус жұқтырған, вакцинацияланбаған және байланыста болған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бақылау үшін білім беру ұйымдарында Ashyq жүйесі енгізілуде. Тек көк және жасыл мәртебенің тасымалдаушылары мектепте еркін жүре алады.

-- Ең алдымен Ashyq жүйесін қызметкерлер мен педагогтар пайдаланатын болады. Бүгінгі таңда біз оқушылар туралы айтып отырған жоқпыз, - деді министр Асхат Аймағамбетов білім беру жүйесіндегі жаңа қауіпсіздік шарасы туралы.

Министр сонымен қатар жаңа санитарлық нормаларға сәйкес, ата-аналары коронавирус жұқтырған немесе байланысқа түскен, яғни "қызыл немесе сары" мәртебесі бар балалар оқу орындарына уақытша бара алмайтындығын айтты. Карантин кезеңінде олар үшін қашықтықтан оқыту ұйымдастырылады. Ashyq қосымшасының мәртебесі өзгергеннен кейін мұндай оқушылар қайтадан мектепке немесе ЖОО-дарына оралады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: