ӨҢІРЛЕР ҚР БҒМ ҰСЫНЫСТАРЫНА СӘЙКЕС ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӨҢІРЛЕР ҚР БҒМ ҰСЫНЫСТАРЫНА СӘЙКЕС ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР
22
июль
2021

ӨҢІРЛЕР ҚР БҒМ ҰСЫНЫСТАРЫНА СӘЙКЕС ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

ӨҢІРЛЕР ҚР БҒМ ҰСЫНЫСТАРЫНА СӘЙКЕС ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

📚ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дайындыққа қатысты ұсыныстар әзірледі. Осыған сәйкес өңірлерде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылар мен студенттерді дәстүрлі форматта оқытуға дайындықты қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

📚Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдардың білім басқармалары оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуына ерекше назар аударып, бақылауы қажет. Барлық мектептерде қызметкерлер мен білім алушылардың температурасын өлшеу, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, кабинеттердің ауасын зарарсыздандыру (кварцтау) және дезинфекциялау шараларын жүргізу керек. Білім беру ұйымдары дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

📚Жалғасып жатқан шектеу шаралары кезінде оқу орындарының сыйымдылық қуаты мен білім алушылардың санына қарай ауысым мен жұмыс режимін алдын ала анықтап, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, оқу процесін ұйымдастыру маңызды.

📚Әкімдіктердің білім басқармалары мен мектеп әкімшіліктері балалардың дәліздер мен буфеттерде жиналуын болдырмау үшін үзілістерді әртүрлі уақытта өткізуді ұйымдастыруы қажет. Сондай-ақ білім алушылар мен қызметкерлер арасында маска тағу режимін сақтауды қамтамасыз ету керек. Бір сынып бір кабинетте оқуы тиіс.

📚Сабақ кестесі санитарлық талаптарды ескере отырып жасалуы керек. Білім беру ұйымдары бұқаралық, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуді шектеуі қажет. Дәстүрлі оқыту форматында мектеп формасы бұрынғыдай сақталады.

📚Санитарлық қызметтің талабы бойынша алдағы оқу жылында мектептерді ашу шарттарының бірі – мұғалімдер мен қызметкерлерді вакцинациялау.

📚Білім беру ұйымдарын дәстүрлі форматқа қайтару елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: