Наурыздың 24.02.2021 жылы ««№174 мектеп-гимназия» КММ-де мектепішілік «Үздік педагог-2021» байқауы өтті.
Наурыздың 24.02.2021 жылы ««№174 мектеп-гимназия» КММ-де мектепішілік «Үздік педагог-2021» байқауы өтті. 2021 жылдың үздік мұғалімін анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқауға әдістемелік бірлестіктің атынан ұсынылған 5 мұғалім қатысып, бақ сынады.Олар:
1.Омарова Нургуль Сенбековна -бастауыш сынып мұғалімі.
2..Кәдіржан Назерке Жанатқызы– қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
3. Назаров Бейбит Нурлуканович - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
4. Жеңісова Меруерт Амангелдіқызы-физика пәні мұғалімі
5. Сәмідін Жанна Мейрамбайқызы- көркем еңбек пәні мұғалімі
6. Умирбекова Дана Сериковна –ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Байқау тапсырмаларына сай қатысушылардың І турда – портфолиолары зерделенді.
2 турда – «Менің инновациялық педагогтік тәжірибем» айдарымен мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы болды. Таныстырылым ұзақтығы – 10 минуттан
3 тур – «Сабағым – мұғалімнің кәсіби тұжырымымның айнасы» айдарымен мұғалімнің өзінің таныстырылымында баяндаған тұжырымдама негізінде сабақ берді. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут. (онлайн)
4 тур – «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының ұзақтығы – 30-40 минут.
Қазылардың шешіміне сай, 3 орынды бастауыш сынып мұғалімі Омарова Нургуль Сенбекқызы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Кәдіржан Назерке, 2 орынды Умирбекова Дана Сериковна, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сәмідін Жанна, 1 орынды физика пәнінің мұғалімі Жеңісова Меруерт, «Бас жүлдені» қазақ тілі пәнінің мұғалімі Назаров Бейбітке бұйырды.
Барлық жеңімпаздарға дипломдар табысталды. Ал байқау жеңімпазы Назаров Бейбит Нурлукановичке аудан мұғалімдері арасындағы «Үздік педагог - 2021» байқауына жолдама алды.