17
сентябрь
2020
ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ-2020” байқауының аудандық кезеңі
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп - гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алмабаева Гульнур Ислямгазыевна Наурызбай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен “ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ-2020” байқауының аудандық кезеңіне қатысып, БАС ЖҮЛДЕМЕН марапатталды. Келешек ел іргесін көтерер тұлғаларды, бүгінгі таңда сапалыда, саналы білім нәрімен сусындатып жүрген мектебіміздің мақтанышы Гульнур Ислямгазыевнаны жеткен жетістігімен құттықтай отырып, қалалық байқауға сәттілік тілейміз.