Дұрыс тамақтануды насихаттау » Страница 5 » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
04
апрель
2022
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
Қарақұмық бауыр мен ішекке өте пайдалы және холестериннің деңгейін азайтады. Жарма күйзеліске, құрсақ қуысының сырқаттарына қарсы тұруға көмектеседі. Оған қоса, қарақұмық асқазанға тез сіңіп кете қоймайтындықтан, ұзақ уақыт бойы қарын аштырмайды.
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
02
апрель
2022
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
Қырыққабат жапырағының құрамында бауырдағы улы қосылыстарды бейтараптандыратын глюкозинолаттар бар. Олар қатерлі жасушалардан қорғайды. Осылайша, қырыққабат онкологиялық ауруларды және сүт безі қатерлі ісігін болдырмайды.  
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
31
март
2022
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
Алманың құрамында С, В1, В2, Р, Е дәрумендері мен марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш, барий микроэлементтері бар. Алмадағы темір қан айналым жүйесіне өте қажет. Сондай-ақ онда жасұнықтың өте көп бөлігі бар. Алма бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бет терісінің түсін жақсартып, жас әрі күтімді етіп көрсетеді. Холестерин мөлшерін азайтып, іш қатудың алдын алады, диареяны емдеп, иммундық жүйені нығайтады. Қызылшаны асқа пайдалану біздің
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
18
март
2022
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
Сүт тағамдарының құрамындағы дәрумендер рөлі: А — адам ағзасының дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін және көз қырағылығын арттырады. Д — сүйек ұлпасының мықты болуына әсер етеді. Жас балаларды мешел ауруларынан сақтайды. В1 — адам ағзасына күш-қуат береді, жүйке-жүйесінің дұрыс қалыптасуын және ас қорыту процесін жақсартады. В2 — ағзаның бірқалыпты өсуіне қажет дәрумен, көздің жақсы көру  қабілетін сақтайды. В6 — баланың бойы өсуіне әсер етеді, қан мөлшерін реттейді. В12 —
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
16
март
2022
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
 Сүзбенің құрамы кальцийге өте бай әрі калий, фосфор, магний, темір бар. Ал дәрумендерден А, В, С, Н, РР, Е кездеседі. Сол себепті сүзбе түрлі аурумен ауыратын адамдарға тұтыну керек өнімдердің бірі. Мәселен, жүрек қан-тамыр мен жүйке жүйесінің ауруларында, жоғары тыныс жолдары қабынғанда, бауыр мен бүйрек ауырғанда сүзбені өз мәзіріңізге қосыңыз. Сонымен қатар қант диабеті мен қан қысымы артқанда да пайдаланған тиімді. 
Ас мәзіріндегі тағамдардың маңызы
15
март
2022
Ас мәзіріндегі тағамдардың маңызы
Алма шырынының пайдасы оның құрамында ағзаның иммунды күшін арттыратын А, В, және С дәрумендерінің мол болуында. Алма шырынының құрамында сонымен қатар, биотин, пантотен және фолий қышқылы бар. Соңғысы шаш пен тырнақты қатайтып, жақсы әсер етеді. Онымен қоса, алма шырыны темір, магний және фосфор біріккен минералды заттарға бай. Бұл керемет шырынды жиі ішіп тұратын болсаңыз, ұзақ жылдар бойы есте сақтау мен интеллектуалды қабілетіңізге шағымданбайтын боласыз. Бұл, алма шырынының құрамында бас
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
14
март
2022
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
Қарақұмық жармасы – аса пайдалы тағам. Оның құрамы ақуыздарға өте бай болып келгендігімен, салмақтың артуына ықпал ететін көмірсутектер аз. Әдетте, диета сақтауды әдетке айналдырған нәзік жандыларымыз түрлі жармалардан бас тартып жатады. Бұл дұрыс емес, өйткені артық салмақты азайтатын жарманың да жармасы болады. Соның бірі – бүгін тақырыпқа арқау болып отырған қарақұмық жармасы.
Ас мізіріндегі тағамдардың пайдасы
12
март
2022
Ас мізіріндегі тағамдардың пайдасы
  Алманың құрамында С, В1, В2, Р, Е дәрумендері мен марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш, барий микроэлементтері бар. Алмадағы темір қан айналым жүйесіне өте қажет. Сондай-ақ онда жасұнықтың өте көп бөлігі бар. Алма бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бет терісінің түсін жақсартып, жас әрі күтімді етіп көрсетеді. Холестерин мөлшерін азайтып, іш қатудың алдын алады, диареяны емдеп, иммундық жүйені нығайтады.