Қазынам бар-баршаға мақтанатын, Тәрбиесі ойыннан басталатын
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, #174 мектеп-гимназиясында өтіп жатқан сынып жетекшілер онкүндігі аясында, "Ұлттық тәрбие" бағыты бойынша "Қазынам бар-баршаға мақтанатын, Тәрбиесі ойыннан басталатын" тақырыбында бейнеролик түсірілді. Ұлттық ойындарды дәріптей отырып, қазіргі таңда бұл ойындардың маңызын да өлең шумақтарымен әдемі жеткізе білді. Дәстүрінде тұрмысының сыры тұнған, Тәрбиесі басталар ұлы жырдан. Мақсатымыз жаңғырту баба жолын, Дәстүрін қазағымның ұмытылған-дейді 2 сынып оқушылары