Ас мәзіріндегі тағамдар
ТІЛІМ МЕНІҢ - ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ №174 мектеп-гимназия базасында белгілі профессор Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді оқыту технологиясы» негізінде қалалық ауызша олимпиада өтті. Аталған білім додасына 1 мен 6-сынып аралығындағы оқушылар қатысып, қазақ тілінен алған білімдерін ауызша түрде саралап, ойлау қабілеті мен тіл мәдениетін сынады. Бұл олимпиаданың басты ерекшелігі — оқушының дайын ережені жаттауы емес, тілдік ұғымдарды жүйелі, сатылай талдап, өз ойын дәл әрі сауатты жеткізе білуі.