Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды
📚Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды Қонақжайлылық – қазақ халқының ұлттық болмысының бір сипаты. Келген қонақты құшақ жая қарсы алу – адамдар арасындағы бір-біріне деген сыйластықты, құрметті және қамқорлықты арттырады. Осы ерекше сыйластық Алматының халықаралық әуежайында көрініс тапты. Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қатысушыларын домбырасын күмбірлеткен өнерлілер, ән салған қазақ аналары қарсы алды. Меймандарға құрт пен ірімшік, бауырсақ және арнайы сыйлықтар ұсынылды.