Қазанның 05 мен 15 жұлдызы аралығында "Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту мен бағалаудың тиімді жолдары" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасының онкүндігі болып өтті. » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазанның 05 мен 15 жұлдызы аралығында "Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту мен бағалаудың тиімді жолдары" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасының онкүндігі болып өтті.
16
октябрь
2021

Қазанның 05 мен 15 жұлдызы аралығында "Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту мен бағалаудың тиімді жолдары" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасының онкүндігі болып өтті.


Қазанның 05 мен 15 жұлдызы аралығында "Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту мен бағалаудың тиімді жолдары" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасының онкүндігі болып өтті. Ашық сабақтар, тәрбиелік іс-шаралар, коучинг,  интеллектуалды ойындар,  сайыстар өткізілді. Әрбір іс-шара талапқа сай, жоғары дәрежеде болып, пән мұғалімдері өздерінің кәсіби шеберліктерін ортаға салды. Бүгінгі өткен онкүндіктің жабылу рәсімі де айтарлықтай әсерлі болды. 
       Қорытынды кеш "Тәуелсіздік - тәңір берген тәтті сый" тақырыбында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өтті. Мектебіміздің  мәнерлеп оқу шеберлері мен өнерлі оқушылардың орындауындағы патриоттық рухтағы шығармалар көрермен қауымды бір серпілтіп тастады. Әсіресе, "Халық қаһарманы Қ.Рысқұлбеков рухымен сырласу" атты көрініс әсерлі болды. Кеш соңы "Атамекен" әнімен аяқталды. Халқымыздың ұлы мерекесі әлі де жалғасын табады.
    Қазақстандық патриотизмге, ұлтжандылыққа, туған елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткен бұл кеш жас жеткіншектердің есінде   мәңгі қалары сөзсіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: