Наурызбай ауданы 174 мектеп-гимназияда аудан əкімі С.Тоғаймен аудан мектептерінің дарынды оқушыларынан құралған Форум өтті.
Наурызбай ауданы 174 мектеп-гимназияда аудан əкімі С.Тоғаймен аудан мектептерінің дарынды оқушыларынан құралған Форум өтті. Форумда ізденімпаз, қабілетті балалар биология, физика, химия пəндерінен өз тəжірибелерімен бөліссе, ауданымыздың мақтанышы болған дарынды оқушыларымыз өз жетістерін ортаға салды. Аудан əкімі дарынды оқушыларымызға білім, спорт жəне мəдениет саласы бойынша жеткен жетістіктеріне шын жүректен алғыс айтып, алдағы уақытта бұдан да жоғарғы жетістіктерге жететініне сенім білдірді. Сондай-ақ, ашылғанына бір жыл болған мектебіміздің бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктерін жоғары бағалады.