Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
03
март
2022

Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы


Сәбіз құрамындағы А дәрумені адамның бойын өсіреді, көру қабілеті мен теріні жақсартуға ықпал етеді. Бұл дәрумен жұмыртқа, бауыр және сүт өнімдерінде кездеседі. Сондықтан да, сәбізді осы тағамдармен бірге пайдаланса болады. Сәбізді қаймақпен араластырып пайдаланса, оның құрамындағы каротиннің едәуір бөлшегін адам ағзасы өзіне оңай сіңіре алады.

Алма шырынының пайдасы оның құрамында ағзаның иммунды күшін арттыратын А, В, және С дәрумендерінің мол болуында. Алма шырынының құрамында сонымен қатар, биотин, пантотен және фолий қышқылы бар. Соңғысы шаш пен тырнақты қатайтып, жақсы әсер етеді.

Банан адамның қалыпты қысымда жүруі үшін өте қажет. Сонымен қатар, калий жүрек бұлшық етін қатайтады.
Банан құрамындағы сахароза, фруктоза және глюкоза арқасында ол асқазанда тез әрі жеңіл қорытылып, бойға күш-қуат сыйлайды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: