10
март
2022
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
Қырыққабат жапырағының құрамында бауырдағы улы қосылыстарды бейтараптандыратын глюкозинолаттар бар. Олар қатерлі жасушалардан қорғайды. Осылайша, қырыққабат онкологиялық ауруларды және сүт безі қатерлі ісігін болдырмайды.
Алма шырынының пайдасы оның құрамында ағзаның иммунды күшін арттыратын А, В, және С дәрумендерінің мол болуында. Алма шырынының құрамында сонымен қатар, биотин, пантотен және фолий қышқылы бар. Соңғысы шаш пен тырнақты қатайтып, жақсы әсер етеді. Онымен қоса, алма шырыны темір, магний және фосфор біріккен минералды заттарға бай. Бұл керемет шырынды жиі ішіп тұратын болсаңыз, ұзақ жылдар бойы есте сақтау мен интеллектуалды қабілетіңізге шағымданбайтын боласыз. Бұл, алма шырынының құрамында бас миы жасушаларының оксидантты күйзелуінің алдын алатын органикалық заттардың болуымен түсіндіріледі.