Жетістіктеріміз » Страница 8 » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАНДЕМ» әдістемелік жәрмеңкесінің қалалық деңгейінде Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Қазыдан Батыл Рахметоллаұлы және тәлімгері Калдыкенова Бақтыгүль Кожахметовна II дәрежелі диплом иегері атанды.
08
ноябрь
2021
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАНДЕМ» әдістемелік жәрмеңкесінің қалалық деңгейінде
Мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау, тәжірибе алмасу мақсатында Алматы қаласы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАНДЕМ» әдістемелік жәрмеңкесінің қалалық деңгейінде Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Қазыдан Батыл Рахметоллаұлы және тәлімгері Калдыкенова Бақтыгүль Кожахметовна II дәрежелі диплом иегері атанды.
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған аудандық «Ер Едіге» жырын жатқа оқу кезеңінен №174 мектеп-гимназиясының оқушылары қалалық кезеңге жолдама алды
03
ноябрь
2021
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры»
«Qazaq Epos» ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған аудандық «Ер Едіге» жырын жатқа оқу кезеңінен №174 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Ахан Сырым І орын, 7-сынып оқушысы Елубай Аянат ІІІ орын алып қалалық кезеңіне жолдама алды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз! Жетекшілері: Ж.К.
Қазанның 05 мен 15 жұлдызы аралығында "Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту мен бағалаудың тиімді жолдары" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасының онкүндігі болып өтті.
16
октябрь
2021
Қазанның 05 мен 15 жұлдызы аралығында "Жаңартылған білім беру
Қазанның 05 мен 15 жұлдызы аралығында "Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту мен бағалаудың тиімді жолдары" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасының онкүндігі болып өтті. Ашық сабақтар, тәрбиелік іс-шаралар, коучинг,  интеллектуалды ойындар,  сайыстар өткізілді. Әрбір іс-шара талапқа сай, жоғары дәрежеде болып, пән мұғалімдері өздерінің кәсіби шеберліктерін ортаға салды. Бүгінгі өткен онкүндіктің жабылу рәсімі де айтарлықтай әсерлі
9-қазан күні мектебімізде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған Наурызбай ауданы мектеп оқушылары арасында  «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.
11
октябрь
2021
9-қазан күні мектебімізде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан
Өскелең ұрпақтың сыни ойлау дағдысын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдап, командамен жұмыс жасауға, дұрыс сұрақ қойып, нақты жауап бере білуге үйретуде дебаттың берер пайдасы мол. Осы орайда, 9-қазан күні мектебімізде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған Наурызбай ауданы мектеп оқушылары арасында  «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті. Дебаттың мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында ұлтжандылық
"АСТАНА КҮНІ" мерекесіне орай Наурызбай ауданының жас суретшілері арасында «30 ЖЫЛДА 30 ТАРИХИ ОҚИҒА» тақырыбында сурет салу флешмобына белсенділікпен қатысқандары үшін Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай мырзаның алғыс хатымен марапатталды
16
июль
2021
"АСТАНА КҮНІ" мерекесіне орай Наурызбай ауданының жас суретшілері
№174 мектеп - гимназиямыздың оқушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында "АСТАНА КҮНІ" мерекесіне орай Наурызбай ауданының жас суретшілері арасында «30 ЖЫЛДА 30 ТАРИХИ ОҚИҒА» тақырыбында сурет салу флешмобына белсенділікпен қатысқандары үшін Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай мырзаның алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, жас суретшілеріміздің жетекшісі, мектебіміздің көркем еңбек пәнінің ұстазы Касенова Дариға Ерланқызы Наурызбай ауданы әкімінің алғыс
№174 мектеп - гимназиямыздың оқушылары Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай мырзаның алғыс хатымен марапатталды.
14
июль
2021
№174 мектеп - гимназиямыздың оқушылары Наурызбай ауданының әкімі
№174 мектеп - гимназиямыздың оқушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында “АСТАНА КҮНІ” мерекесіне орай Наурызбай ауданының жас суретшілері арасында «30 ЖЫЛДА 30 ТАРИХИ ОҚИҒА» тақырыбында сурет салу флешмобына белсенділікпен қатысқандары үшін Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай мырзаның алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, жас суретшілеріміздің жетекшісі, мектебіміздің көркем еңбек пәнінің ұстазы Касенова Дариға Ерланқызы Наурызбай ауданы әкімінің алғыс
№174 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушылары "Бөбек" ҰҒПББСО-ғы Обсерваторияның базасында өткізілген Жаратылыстану бағыты бойынша олимпиадаларға дайындайтын бейіндік мектепте теориялық және тәжірибелік сабақтарға қатысып, сертификаттармен марапатталды
17
июнь
2021
№174 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушылары "Бөбек" ҰҒПББСО-ғы
Алматы қаласы Наурызбай ауданы, №174 мектеп-гимназияның 8 - сынып оқушылары, маусым айының 06 - 20 күндері аралығында " Бөбек" ҰҒПББСО-ғы Обсерваторияның базасында өткізілген Жаратылыстану бағыты бойынша олимпиадаларға дайындайтын бейіндік мектепте 144 сағаттық теориялық және тәжірибелік сабақтарға қатысып, сертификаттармен марапатталды. Жетекшісі : физика пәні мұғалімі - Жеңісова Меруерт  
9-12 сынып оқушылары және колледж студенттері арасында ағылшын тілінде дебат сайысын өткізілді
22
май
2021
9-12 сынып оқушылары және колледж студенттері арасында ағылшын
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №174 мектеп-гимназия Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК қолдауымен, Туран университетінің және Tournaman орталығы, ЖШС «Your vision» бірлесе ұйымдастыруымен 9-12 сынып оқушылары және колледж студенттері арасында ағылшын тілінде дебат сайысын өткізді. Дебатқа №174 мектеп-гимназияның ағылшын тілі мұғалімі Алмабаева Г.И 10 сынып оқушыларынан 5 спикер дайындап: Жақсыбек Алишер,
«Qazaqstan bilim akademiyasy» орталығы мен «Жас Ұлан» бірыңғай жасөспірімдер мен балалар ұйымы бірлесіп, ұйымдастырған “ӘЛ - ФАРАБИ” зияткерлік сайысында оқушыларымыз бен ұстаздарымыз марапатталды.
18
май
2021
«Qazaqstan bilim akademiyasy» орталығы мен «Жас Ұлан» бірыңғай
«Qazaqstan bilim akademiyasy» орталығы мен «Жас Ұлан» бірыңғай жасөспірімдер мен балалар ұйымы бірлесіп, ұйымдастырған “ӘЛ - ФАРАБИ” зияткерлік сайысында Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназияның оқушылары жүлделі орындармен, ұстаздарымыз құрмет грамотасымен және де алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтсақ, 5 - сынып оқушысы Нұрболат Көркем, 2 - сынып оқушылары Болатбек Айша, Мұхраж Мирас бас жүлдемен, Жақсылықов Даниель, Бекен Бекарыс, Нұрланқызы Нұрай, Ахметова Дания сынды озат
"Алтын түлек " олимпиадасының қалалық кезеңінің жеңімпазы Қалиев Ерлан 2-орынмен марапатталды.
11
май
2021
"Алтын түлек " олимпиадасының қалалық кезеңінің жеңімпазы Қалиев
" Zerdeli " ақыл-ой орталығы ұйымдастырған математика пәнінен 10-сынып оқушылары арасында өткен "Алтын түлек " олимпиадасының қалалық кезеңінің жеңімпазы Қалиев Ерлан 2-орынмен және жетекшісі Қалиолла Қымбат марапатталды. Құттықтаймыз! #174МЕКТЕПГИМНАЗИЯ