Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
05
март
2022

Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы


Қызылшаны сүйіп жейтін адамның жалпы портретіне назар салайық.
Ол ақылды. Себебі қызылшада йод көп. Ал онсыз есте сақтау қабілетінің жақсы, ой-өрісі мен зейіннің жоғары болуы мүмкін емес.
Беті алқызыл. Себебі қызылша темірдің сіңуіне әсер етеді. Сондықтан қызылшаны ұнататын жандардың бет-әлпетінің бозарғанын байқамайсыз.
Ол төзімді. Қызылша адамның физикалық төзімділігін арттырады екен. Ғалымдар қызылша шырынының қан тамырларды кеңейтіп, қан тарауын күшейтетінін дәлелдеген. Демек бұлшықеттерге ауа түсуін арттырады. Мамандар тәжірибе жүргізіп, жаттығу алдында 70 мл қызылша шырынын ішу денеге түсер салмаққа төзімділікті 16%-ға ұлғайтатынын анықтаған.
Оның шашы қалың. Қызылшаны сүйіп жейтін адамдардың шашы жылдам өсіп, қалыңдап, жылтырай түседі. Оған қызылша қабығының астында көп мөлшерде кездесетін В дәрумені ықпал етеді.
Ол бұлшықетті. Қызылшада бұлшықет массасын арттыруға көмектесетін магний мөлшері көп.
Ол сымбатты. Қызылша құрамында азат алмасуын жылдамдатып, артық сұйықтықты шығарып, артық салмақтан арылуға себін тигізетін ерекше заттар кездеседі.
Құс етінің құрамында В, Н, РР дәрумендері, калий, магний, натрий, темір, фосфор, мырыш, кальций, мыс секілді минералды заттар бар.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: